2026 жылғы 26 наурызда VII Халықаралық «Өрлеу. Түркі билерінің жаңғырығы» фестивалі аясында «Түркі билері: өткен мен болашақ арасындағы көпір» тақырыбында халықаралық шеберлік сыныптарының сериясы өтті.
Философия докторы (PhD), доцент, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Балетмейстерлік өнер» кафедрасының меңгерушісі Молдахметова Алима Талғатқызы «Қазақ биінің экзерсисіндегі қолды ауыстыру» тақырыбында шеберлік сыныбын ұсынды.
Білім беру бағдарламасы фестивальдің негізгі алаңдарының біріне айналды және Әзербайжан, Башқұртстан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Саха Республикасы, Жапония кәсіби хореографиялық мектептерінің педагогтарын, студенттері мен әртістерін біріктірді.










