2026 жылғы 13 сәуірде сағат 14:00-де «Ғылым апталығы — 2026» шеңберінде Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Ғылыми-инновациялық бөлімімен «Венгрия мен Қазақстанның креативті кеңістігіндегі мәдениетаралық коммуникация» халықаралық бірлескен ғылыми жобасы аясында профессор М. Фрешлидің қатысуымен «Жасанды интеллект өнер туындыларын талдау және түсіндіру құралы ретінде» тақырыбында шеберлік сабағы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар жасанды интеллект технологияларын өнер туындыларын зерттеу мен интерпретациялау үдерісінде қолданудың заманауи тәсілдерімен танысты.
Іс-шара аясында:
• жоба нәтижелері бойынша әзірленген екі монографияның тұсаукесері өтті;
• жобаға қатысқан оқытушыларға сертификаттар табысталды;
• қонақтарға естелік сыйлықтар ұсынылды.
Аталған шеберлік сабағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және мәдениетаралық коммуникация саласындағы ғылыми зерттеулерді дамытуға ықпал етті.












