Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Жемқорлыққа жол жоқ: таза қоғамға бір қадам» тақырыбында студенттерге дәріс өтті. Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауатын арттыру, қоғамда адалдық қағидаттарын нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру.
Дәрісті ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің маманы Мөлдір Серікқызы жүргізді. Маман өз сөзінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдарына, заң талаптарына, әр азаматтың жауапкершілігіне тоқталды. Мазмұнды іс-шараны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бас әкімші Саламат Қанатовтың бастамасымен Тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер бөлімі ұйымдастырды. Дәріске Академия қызметкерлері мен студенттері қатысты.









