Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз | ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ
kz ru en

ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

  • Біз туралы
    • Басшылық
    • Қызметтер және бөлімдер
    • Факультеттер
    • Ғылыми кеңес
    • Оқу-әдістемелік кеңес
    • Байланыстар
  • Академия
    • Құжаттар
    • Вакансиялар
    • Оқу процесі
    • Күміс университеті
    • Шығармашылық жұмыстар
    • Оқу театры
    • Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру бөлімі
  • Білім алушыларға
    • Сабақ кестесі 2026-2027
    • Оқу оқысы бойынша ақпарат
    • Академиялық күнтізбе
    • PLATONUS
    • LMS Moodle
    • Академиялық ұтқырлық
    • Психологиялық қызметі
    • Реквизит
    • “Шәкен” кино клубы
  • Талапкерлерге
    • Бакалавриат
    • Магистратура
    • Докторантура (PhD)
    • Ашық есік күндері
  • Ғылым
    • Ғылыми кадрларды даярлау
    • Ғылыми-инновациялық бөлімі
    • ҚазҰӨА диссертациялық кеңесі
  • Кітапхана
    • Электронды кітапхана
    • Электрондық каталог
    • Электрондық каталогта кәсіби іздеу
    • Оқырмандар кабинеті

ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

kz ru en

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

  • Біз туралы
    • Басшылық
    • Қызметтер және бөлімдер
    • Факультеттер
    • Ғылыми кеңес
    • Оқу-әдістемелік кеңес
    • Байланыстар
  • Академия
    • Құжаттар
    • Вакансиялар
    • Оқу процесі
    • Күміс университеті
    • Шығармашылық жұмыстар
    • Оқу театры
    • Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру бөлімі
  • Білім алушыларға
    • Сабақ кестесі 2026-2027
    • Оқу оқысы бойынша ақпарат
    • Академиялық күнтізбе
    • PLATONUS
    • LMS Moodle
    • Академиялық ұтқырлық
    • Психологиялық қызметі
    • Реквизит
    • “Шәкен” кино клубы
  • Талапкерлерге
    • Бакалавриат
    • Магистратура
    • Докторантура (PhD)
    • Ашық есік күндері
  • Ғылым
    • Ғылыми кадрларды даярлау
    • Ғылыми-инновациялық бөлімі
    • ҚазҰӨА диссертациялық кеңесі
  • Кітапхана
    • Электронды кітапхана
    • Электрондық каталог
    • Электрондық каталогта кәсіби іздеу
    • Оқырмандар кабинеті
8 727 272 97 72
(Қабылдау комиссиясы)
kaznai@art-oner.kz
Панфилов көшесі, 127, Алматы, Қазақстан
Басты Хабарландырулар Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз
Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз

22/09/2026

Хабарландырулар

Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Ағымсалы Дүзелхановтың 75 жылдығына арналған «Алтын Орда мұрасы және Ағымсалы Дүзелхановтың көркемдік әлемі: тарих, ұлттық жады және графика» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық (онлайн/офлайн) конференциясын өткізу туралы

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 2026 жылдың  28 қазанында көрнекті суретші, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Ағымсалы Дүзелхановтың 75 жылдық мерейтойына орай «Алтын Орда мұрасы және Ағымсалы Дүзелхановтың көркемдік әлемі: тарих, ұлттық жады және графика» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық (онлайн/офлайн) конференция өткізеді. Конференцияның негізгі мақсаты – Алтын Орда мұрасының тарихи-мәдени маңызын, ұлттық көркемдік сананың қалыптасуындағы сабақтастық мәселелерін және Ағымсалы Дүзелхановтың шығармашылық мұрасының қазақ бейнелеу өнері мен графикасындағы орнын ғылыми тұрғыдан зерделеу.

Конференция жұмысына А. Дүзелхановтың отбасы мүшелері мен жақындары, суретші-әріптестері, отандық және шетелдік ғалымдар, қоғам және өнер қайраткерлері, сондай-ақ магистранттар, докторанттар, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары мен өнертану саласының зерттеушілері қатысуға шақырылады.

Конференция нәтижелері бойынша А. Дүзелхановтың шығармашылық және қоғамдық қызметін ғылыми-танымдық тұрғыдан зерделеуге, оның көркемдік мұрасын жүйелеуге және тұлғалық-шығармашылық феноменін кейінгі ұрпаққа танытуға бағытталған естелік және зерттеу материалдарын қамтитын «Ағымсалы Дүзелханов: өнері мен өнегесі» тақырыбында естелік кітап шығару жоспарланып отыр.

Конференцияның ғылыми бағдарламасы төмендегі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

– Алтын Орда мұрасы және түркілік көркем ой: Ағымсалы Дүзелханов шығармашылығының тарихи-мәдени сабақтастығы мен көркемдік интерпретациясы;

– Ағымсалы Дүзелхановтың шығармашылық мұрасы: ұлттық графика, көркемдік ойлау және заманауи өнер кеңістігіндегі сабақтастық;

– Қазақ графикасының көркемдік эволюциясы: дәстүр, тарихи сабақтастық және қазіргі көркемдік ізденістер;

– Дәстүрден жаңа медиаға дейін: қазақ графика өнерінің даму үрдістері, көркемдік парадигмалары және заманауи бағыттары.

Баяндамалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.

Баяндамалар мен ғылыми мақалалар 2026 жылғы 10 қазанға дейін конференцияның ұйымдастыру комитетінің izo@kaznai.kz электрондық поштасына жолдануы тиіс. Конференция материалдары естелік кітап ретінде және электрондық форматта жарияланады.

Конференцияға қатысуға байланысты жол жүру, тұру және өзге де шығындарды қатысушылардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Конференцияға қатысу туралы өтінімде төмендегі мәліметтер толық көрсетілуі тиіс:

  1. Аты-жөні;
  2. Ғылыми дәрежесі;
  3. Жұмыс орны;
  4. Баяндама тақырыбы;
  5. Қаласы, электрондық поштасы және байланыс телефоны.

Конференцияның пленарлық отырысы 2026 жылғы 28 қазанда сағат 11:00-де Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының бас ғимаратындағы Оқу театрында өтеді.

Мекенжайы: Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 127.


Естелік мақалаларды жинақтау бойынша байланыс:

Балнұр Рахымбайқызы Қарабалаева – PhD докторы, аға оқытушы, «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының меңгерушісі. Телефоны: +7 702 490 25 86. E-mail: izo@kaznai.kz.

Конференция модераторы: Бауыржан Нұрбекұлы Байділда – «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің деканы, профессор. Телефоны: +7 777 132 88 44.

Мерейтойлық іс-шаралар аясында Ағымсалы Дүзелхановтың шығармашылық мұрасын кеңінен таныстыру мақсатында Академия галереясында суретшінің көркем туындыларының көрмесі ұйымдастырылады. Көрменің ашылу рәсімі 2026 жылғы 28 қазанда сағат 10:00-де Академия галереясында өтеді.

Көрмені ұйымдастыру бойынша байланыс: Манзура Қызтуғанқызы Қорғанбаева – «Көрмелерді ұйымдастыру және шығармашылық туындыларды сақтау» бөлімінің басшысы, Мәдениет саласының үздігі. Телефоны: +7 777 666 95 43.

Мақалаға қойылатын талаптар

Қаріптің өлшемі – 14, қаріп – Times New Roman, интервал – бір, абзац шегінісі – 1 см, шеттері: жоғары және төменгі – 2 см, солға және оңға – 2 см.

Мақала құрылымы:

Мақала тақырыбы қалың қаріппен, кіші әріптермен беріледі, жолдың ортасына тураланады.

Автор туралы мәлімет:

Мақаланың авторы (авторлары) – аты-жөні, тегі, ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі, жұмыс орны (ұйымы), қаласы, елі, телефон нөмірі, электрондық поштасы. Автор туралы ақпарат жай қаріппен кіші әріптермен жазылып, жолдың ортасына тураланады. Аннотация 100-150 сөз – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде. Түйін сөздер (5-7 сөз) – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.

Негізгі мәтін – көлемі естелік жазуларға эссе түрінде 2-3 бет, ал ғылыми мақалаларға кемінде 5 бет болуы тиіс. Мақала соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімінің болуы міндетті.

Ұйымдастыру комитеті

Іздеу

Хабарландырулар

Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз

22.09.2026

Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталғанын хабарлаймыз!

17.09.2026

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталғанын хабарлаймыз!

ХАБАРЛАМА

07.09.2026

ХАБАРЛАМА

2026-2027 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде қабылданған 1-курс докторанттар тізімі

25.08.2026

2026-2027 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде қабылданған 1-курс докторанттар тізімі

  • Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
  • Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
  • “Таза Парақтан” Реттеу жобасы туралы
  • Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Санаттар

  • Вакансиялар
  • Жаңалықтар
  • Хабарландырулар

Біздің әлеуметтік желілеріміз

Қабылдау комиссиясы

БАКАЛАВРИАТ:

8 (727) 272-46-74

МАГИСТРАТУРА:

8 (727) 338-20-31

Академияның ресми сайтына қош келдіңіздер! Біз өз жұмысымызда ашықтық, инклюзивтілік және қоғамға деген ықпал жасауға ұмтыламыз. Сіздің қолдауыңыз бен қатысуыңыз біз үшін өте маңызды.

Академия

Құжаттар

Электрондық пошта:

kaznai@art-oner.kz

Ректордың қабылдауы:

8 (727) 338-35-55

Қабылдау комиссиясы:

8 (727) 272-46-74

© 2025 ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ.

Сделано в Alteman