19 және 20 қыркүйек күндері «Көркемсурет» кафедрасының оқытушылары Алматы қаласының күніне арналған жас суретшілердің тақырыптық картиналар көрмесін ұйымдастырып, өткізді.
Көрме экспозициясында кафедра оқытушыларының, магистранттары мен студенттерінің 60-тан астам шығармасы ұсынылды.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенұлы және Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Абзалиденұлы іс-шараға арнайы қатысып, көрме экспозициясымен танысты.
Көрме Алматы қаласы музейлер бірлестігімен бірлесіп, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушылар: Н.К. Сатаев, А.М. Тұрғын, К. Кульчинбаева, М. Айтжанов.








