2026 жылдың 08 қазанында, сағат 15:00-де Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кітапханасында «Балетмейстерлік өнер» кафедрасының докторанты Кукетов Берік Алпысбайұлының «Қазақ хореографиясындағы ұлттық бірегейлік: жаңашылдық аясындағы дәстүр сабақтастығы» тақырыбындағы 8D02197 – «Хореография» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған диссертациясын кафедра бойынша кіші қорғау өтеді.
Ғылыми кеңесші: өнертану кандидаты, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры – А.Б.Шанкибаева
Шетелдік ғылыми кеңесші: философия докторы (PhD), Өзбекстан Мемлекеттік хореография академиясының доценті – Ш.Ш. Жалилова.
Баршаңызды кафедра бойынша кіші қорғауға қатысуға шақырамыз.




