Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының 1-курс студенті Әлдібай Таңжарық «Әнмен өрілген ғұмыр» атты байқауда Бас жүлдеге ие болды.
Алматы облысының Шоyжы елді мекенінде өткен өнер додасы Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші Жақсылық Мырқаевты еске алуға арналды. Байқау дәстүрлі ән өнерін дәріптеуді, ұлттық музыкалық мұраны насихаттауды және жас орындаушылардың шығармашылығын қолдауды мақсат етті.
Өнер сайысында Әлдібай Таңжарық орындаушылық шеберлігін танытып, үздік нәтиже көрсетті. Жас әншінің жетістігі оның шығармашылық ізденісі мен кәсіби даярлығының, сондай-ақ ұстазының бағыт-бағдары мен еңбегінің жемісі.
Академия ұжымы Әлдібай Таңжарықты жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыс пен өнер жолында жаңа жетістіктер тілейді.






