2026 жылғы 19 қазанда Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында студенттерге арналған діни экстремизмнің алдын алу тақырыбында ақпараттық дәріс ұйымдастырылды. Іс-шара жастардың діни сауатын арттыруға, деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтандыруға және қоғамдағы толеранттылық құндылықтарын нығайтуға бағытталды.
Дәрісті Алматы қаласы бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы, философ Айжан Нұрхамитқызы Кудерина жүргізді. Дәріс барысында студенттерге деструктивті діни ағымдардың негізгі белгілері, экстремистік идеялардың таралу жолдары және олардың қоғамға кері әсері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар ұлттық және діни құндылықтардың өзара байланысы, жастардың сыни ойлау қабілетін дамыту мәселесі қарастырылды. Спикер қоғамдық мәдениетті арттыру мен діни тұрақтылықты қамтамасыз етуде құқықтық сауаттылықтың, білім мен тәрбиенің маңызын атап өтті.







