Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Республика күніне орай студенттер арасында қазақ ұлттық ойындарынан турнир өтті.
Спорттық іс-шараны Әлеуметтік тәрбие және жастар саясаты бөлімі мен «Сахна пластикасы және дене тәрбиесі» кафедрасы бірлесіп ұйымдастырды. Жарысқа академияның барлық факультеттерінен командалар қатысты.
Турнир барысында білім алушылар ләңгі тебу, кермеде тартылу, гір тасын көтеру және арқан тарту бойынша бақ сынады. Қатысушылар ептілік, күш пен төзімділік танытып, командалық сайыстарда өзара қолдау мен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.
Жарыс ұлттық ойындарды дәріптеуге, жастардың спортқа қызығушылығын арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Сонымен қатар турнир студенттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, мереке қарсаңында жастардың басын біріктірді.






