Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының доцент міндетін атқарушы, PhD докторы Бияздықова Әлия Әлімбекқызы Қырғыз Республикасының Ақсақалдар кеңесінің мақұлдауымен Шыңғыс Айтматов орденімен марапатталды.
Марапатты Қырғыз Республикасы Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, Қырғыз Республикасының халық ақыны Атантай Акбаров табыстады.
Әлия Әлімбекқызы қазақ және қырғыз әдебиеттерінің өзара байланысын, екі халық поэзиясының көркемдік ерекшеліктерін салыстыра зерттеп келеді. Ғалымның «Қазіргі қырғыз поэзиясы», «Рухты ел ақындары», «Ақынның керемет поэзиясы», «Атантай ақын поэзиясы» атты ғылыми мақалалары ғылыми басылымдарда, сондай-ақ Қазақстанның «Қазақ әдебиеті» және Қырғызстанның «Тил маданият» газеттерінде жарияланған.
Аталған марапат ғалымның қазақ-қырғыз әдеби байланыстарын зерттеуге қосқан үлесін айқындайтын маңызды жетістік.










