Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында суретшілер Анвар Мусрепов пен Ардақ Мұқанованың қатысуымен шығармашылық кездесу өтті. Іс-шара Өнертану факультетінің Бейнелеу өнері тарихы мен теориясы кафедрасы, ALUAN жас өнертанушылар зертханасы және 1-курс магистранты Мөлдір Каированың ұйымдастыруымен өткізілді.
Кездесуге Академияның ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Қабыл Заманбекұлы, факультет деканы Дана Әділханқызы, кафедра меңгерушісі Балнұр Рахымбайқызы, оқытушылар мен білім алушылар қатысты.
Суретшілер цифрлық өнер, жасанды интеллект және заманауи технологияларға негізделген жобаларын таныстырып, шығармашылық тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу ашық сұрақ-жауап және пікір алмасу форматында өтті.






