«Қазақстан тарихы мен әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының оқытушылары  Күлдібаев Естай Қағазұлының, Жұмағұлов Мейірбек Оңғарұлының, Белгібаев Дамир Темірғалиұлының ұйымдастыруымен ғылым апталығы аясында жоғарғы оқу орындарының қатысуымен «ЕЛ ЕРТЕҢГІ – БІЛІМДІ ЖАСТАР!» тақырыбында интеллектуалдық-зияткерлік ойын өткізілді.

Іс-шараға Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті мен Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университетінің студенттері қатысты.

Іс-шараның мақсаты:

1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында жастарға патриоттық тәрбие беру. Жастар арасындағы Отанына деген жауапкершілікті арттыру;

2. «ЕЛ ЕРТЕҢІ – БІЛІМДІ ЖАСТАР!»  тақырыбын жан-жақты аша білу. Қазақ тарихының Тұлға, Ұлттық құндылық тақырыбын ашу;

3. Алматы қаласы жоғарғы оқу орындары студенттерінің  арасындағы өзара ынтымақтастық, ғылыми, рухани байланыстарын нығайту.

Интеллектуалдық-зияткерлік ойын негізгі екі кезеңді қамтыды. Олар:

1-кезең. Интеллектуалдық сұрақ-жауап;

2-кезең. Старт-ап жобаны қорғау;

Бірінші кезеңде студенттер берілген ұяшықтарды таңдау арқылы 15 сұраққа жауап беріп, ҚызПУ — 170,   ҚазҰПУ — 160, ал ҚазҰӨА — 110 ұпаймен үздік нәтиже көрсетті.

Екінші кезең бойынша, ҚазҰПУ “Кітап-білімінің тұңғиық теңізі” тақырыбында, ҚызПУ “Құмар ойынға тәуелділік: зияны мен шешу жолдары” тақырыбында, ҚазҰӨА “Дизайн – экономиканың даму факторы” тақырыбында өз жобаларын қорғап, әділқазы алқаларының шешімімен, ҚазҰПУ – 85, ҚызПУ – 90, ҚазҰӨА – 90 ұпайды еншіледі.

Қорытындылай келе, ҚызПУ – 260 ұпаймен 1-ші орынды, ҚазҰПУ – 245 ұпаймен 2-ші орынды, ҚазҰӨА – 200 ұпаймен 3 – ші орынды иеленді. Іс-шараға қатысушы ЖОО-ның студенттері зияткерлік ойын жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына ризашылығын білдірді.