Құрметті әріптестер!
Қазақстан Республикасы Құрылтайының Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті жанынан ғылым жөніндегі сарапшылық кеңес құрылды. Кеңестің қызметі отандық ғылымды дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға және ғылыми саладағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге бағытталған.
Сарапшылық кеңес аясында мынадай мәселелер қарастырылады:
- ғылыми зерттеулерді қаржыландыру;
- ғылыми конкурстарды ұйымдастыру және сараптама жүргізу;
- ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасын дамыту;
- ғылыми кадрларды даярлау және қолдау;
- ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру және практикаға енгізу.
Ғылыми қауымдастық нақты проблемалардың сипаттамасын, олардың негіздемесін, сондай-ақ шешу жолдарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар мен бастамаларды жолдауға шақырылады.
Ұсыныстарды жолдау үшін Қазақстан Республикасы Құрылтайының ресми сайтындағы «Қызметі» → «Сарапшылық кеңестер» бөліміне өтіп, Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетін және тиісті бағытты таңдау қажет.
Академияның профессорлық-оқытушылық құрамын, мүдделі ғалымдар мен зерттеушілерді отандық ғылымды дамытуға және Қазақстанның ғылыми саясатын жетілдіруге бағытталған сарапшылық жұмысқа қатысуға шақырамыз.
Фотоматериалдар:
https://quryltai.kz/ru/multimedia-center/photo-block



