2026 жылғы 18 қарашада сағат 11:00-де Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының «Сән және костюм дизайны» кафедрасында 2–5-курс студенттерінің Darideiya киім бренді өкілдерімен кездесуі өтті.
Іс-шара барысында қонақтар компанияның қызметімен таныстырып, оның негізгі жұмыс бағыттары, нарықтағы орны және жас мамандардың кәсіби даму мүмкіндіктері туралы баяндады.
Кездесу нәтижесінде студенттердің өндірістік және дипломалды практикадан өтуіне, сондай-ақ болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне қатысты келісімшарт жасалды.






