• 22.11.2024

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Артур Оренбургский

Авторkaznai

Дек 21, 2021

Желтоқсанның 20-сы күні Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Эстрада оркестрінің аспаптары кафедрасының Биг-Бэнді ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өткізді. Жетекшісі — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Артур Оренбургский. Бағдарламада джаз классикасы, қазақ халық әндерінің аранжировкалары, әлемдік вокалдық хиттер болды. 

Академияның оқу театрында өткен концертте тыңдармандарға 15 туынды ұсынылды. Олардың қатарында: Нұрғиса Тілендиев — «Саржайлау», Bob Mintzer – «Computer», Sammy Nestico – «The joy of cooking», «Samantha», «Danny boy», Medley – «Let’s Dance», «Jingle Bells», A.Sandoval – «Rhythm of our world». Сондай-ақ, Бахтияр Темірбеков «Now», «Feeling good» әндерін орындады. 

Кеште арнайы қонақ — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Жанна Орынбасарова өнер көрсетті. Ол «Padam, Padam, Padam» (ар. А.Оренбургского), «I will wait for you» (Michael Legrand), «Can’t take my eyes off of you» (Gaudio, ар. А.Оренбургского) және өзінің «Жүрегімде» (ар. А.Оренбургского) атты авторлық әнін орындады. Концерт А.Оренбургскийдің аранжировкасындағы джаздық интерпретациядағы Құрманғазының «Балбырауын» күйімен аяқталды.

Приемная комиссия