• 22.11.2024

Қазақстан қаңтар айының басында ел басына қауіп төнген оқиғаларға тап болғанын білеміз.

Авторkaznai

Янв 24, 2022

Қазақстан қаңтар айының басында ел басына қауіп төнген оқиғаларға тап болғанын білеміз. Осы сындарлы кезеңде Қасым-Жомарт Кемелұлы елмен етене екенін білдіріп, үндеу тастап, үнемі бір-бірімізге қолдау көрсетуге шақырды. Экономиканы жандандыру, білім беру саласының сапасына және әлеуметтік мәселелердің орындалуына кең көлемде толық тоқталды. Президенттің айтуынша, бүгінде мемлекет алдында бүкіл қоғамдық тыныс-тіршілікті түбегейлі трансформациялау міндеті тұр. Мемлекет басшысы атап өткен алдағы басты міндеттердің бірі — байқуатты және сапалы өмірді қамтамасыз ету. Бұл Президентіміздің халықтың өмір деңгейін жақсартуды көздегендігін көрсетеді. Сондай-ақ,  отандық бизнес өкілдерімен өткен мәжілістегі мәлімдемесінде жаңа Үкіметтің алдына экономикалық саясатты қайта қарау, ондағы қазақстандықтардың өмір сүруі мен әл-ауқаты, қымбатшылық, бағаның тұрақсыздығы, еңбекақы мәселесі, жастардың сапалы білім алуы мен жұмысқа орналасуы сынды өзекті мәселелерді шешу міндет етіп қойылды. Қазіргі уақытта біздер Мемлекет басшысының шешімдері төңірегінде топтасуымыз қажет. Жоспарланған нақты қадамдарға әрбір қазақстандық қолдау танытуға міндетті деп есептеймін. 

Құрметпен, Гүлдана Сапарғалиева — Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Приемная комиссия