• 24.11.2024

«Алматы» атауы сақталатынын айтып көңіл қуантты.

Авторkaznai

Фев 3, 2022

Мемлекет басшысының сұхбатын арнайы көріп шықтым. Қ.К. Тоқаев қаңтардың басында орын алған ауыр жағдайдан соң берген алғашқы сұхбатында елімізде жүзеге асырылатын саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалардың мән-мазмұнын ашып түсіндірді.

Сыртқы саясаттағы негізгі серіктестері мен қарым-қатынастары туралы сауалдарға жауап берді. Президент синофобияның көріністері туралы айтып, Қазақстандағы Қытайға қарсы шерулерге қатысты пікір білдірді. Ресей, Қытай және Орталық Азия көрші елдермен өзара тиімді достықты дамыта берудің маңыздылығына ерекше тоқталды.

Өзіме Алматының атын өзгерту және Алма-ата атауын қайтару туралы мәселе аясында өрбіген сұрақтың жауабы ұнады. Президентіміз: «Неге қазір барлық құжатты қайта жасап, шешім қабылдаймыз?» дей келе, «Алматы» атауы сақталатынын айтып көңіл қуантты.

Құрметпен, Дариға Тұранқұлова — Т.Қ. Жүргенов ат.ҚазҰӨА профессоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Приемная комиссия