Jabý

ЖАС МАМАНДАРДЫ ОРНЫҚТЫРУ (ҚЫЗМЕТТЕР)

  • Түлектер мен жұмыс берушілерді еңбек нарықтары туралы мәліметтермен қамтамасыз ететін ақпараттық жүйені, сондай-ақ Қазақстан қалалары мен облыстарының жоғары білімі бар мамандарға деген қажеттіліктерін талдауды, жағдаяттың дамуын болжауды, академияда мамандарды дайындаудың стратегиялық бағдарларын анықтауды жүзеге асырады.
  • Барлық облыстардың тапсырыс берушілерімен ұдайы серіктестікті жүзеге асырады (хаттар).
  • Еңбек нарықтары туралы мәліметтер базасын әзірлейді.
  • Мамандық бойынша кәсіпті дұрыс таңдау мақсатымен түлектермен кездесулер өткізеді.
  • Әрбір түлектің алдын ала бөлінісін жүргізеді, ол үшін студенттер жұмыс орнынан анықтамалар, шақыртулар, шарттар ұсынады.
  • Бітіруші кафедралардың студенттердің өндірістік тәжірибелерін өткізуге жаңа базалар іздестіру бойынша жұмыстарын ұйымдастырады.
  • Академияның ресми сайтында бітіруші кафедраларды ақпараттық қамсыздандыру бойынша жұмыс жүргізеді, олардың академияның түрлі іс-шараларына қатысуын ұйымдастырады: «Ашық есіктер күні», көрмелер, концерттер, шеберлік сағаттары, дөңгелек үстелдер және т.б.
  • «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өткізеді, оған облыстық театрлардан, «Қазақфильм» киностудиясынан, «Қазақстан» телестудиясынан, «Хабар агенттігі» АҚ-дан, «КТК», «НТК», түрлі жекеменшік фирмалардан, ЖШС, ПҚ, ДК және басқаларынан әлеуетті жұмыс берушілер шақырылады.
  • Бірлескен семинарлар, конференциялар өткізеді, білім беру қызметтері нарығы мен еңбек нарығының өзара байланысына мониторинг жасайды.
  • Мониторинг үшін түлектерді жұмысқа орналастыру жұмысының нәтижелерін қорытындылайды;
  • Академия түлектерін бөлу бойынша жұмыстар ұйымдастырады;
  • Академия түлектерін бөлу және жұмысқа орналастыру бойынша есептер, баянаттар дайындайды;
  • ҚР БҒМ мен басқа да ведомстволарға құжаттар дайындайды;
  • Академия түлектері туралы БАҚ-қа жарнама беру үшін ақпарат дайындайды;
  • Жеке бөлу бойынша комиссия құру туралы бұйрықтар дайындайды.

Т.Жүргенов ат. ҚазҰӨА кәсіби бағдарлық жұмыс,
оқу-өндірістік тәжірибе және 
жас мамандарды орнықтыру бөлімінің жетекшісі Г.М.Молдажанова 

Тел: 8 727-272-46-74

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы бітіруші түлектерді жұмыспен қамтамасыз етуді ҚР Үкіметі жасаған жоспар мен міндеттерге сай  жүзеге асырады. Біздің академиямыздың түлектерін жұмыспен қамту мәселесінде шешуші рольді  мәдениет мекемелері және өнер кәсіпорындарымен ғылыми-өндірістік байланыс орнатқан кафедралар атқарады. Еңбек нарығындағы сұраныс пен  уақыт талабына сай әр бір кафедра жұмыс берушілердің тілектеріне орай жыл сайын білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзгертіп отырады.

         Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіледі:

– бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру және өткізу;

– ашық есік күндерін өткізу;

– Жұмыс берушілердің өкілдерін бітірушілердің жылдық мемлекеттік аттестациялық қорытынды жұмысына (дипломдық жұмысын қорғау) қатыстыру;

– жұмыс берушілермен жылына 2 мәрте – күздік және көктемгі сессия аралығында кездесу ұйымдастыру;

– Алматы қаласының жұмыспен қамту орталығымен келісім шарт негізінде өнер мен мәдениет саласы бойынша бос орындарды сақтап отыру туралы ынтымақтастық орнату;

– ҚР облыстық мәдениет және өнер басқармаларымен үздіксіз байланыс орнату;

– Түлектерді бітірген соң жұмысқа қабылдау үшін алдын-ала тәжірибеден өткізу базаларымен қамтамасыз ету.

Білім алу барысында үздіксіз түрде студенттердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында мынадай жұмыстар жүргізіледі: еңбек нарығының жағдайында өнер мен мәдениет саласының  даму бағыттары бойынша ақпараттандыру; білімін жетілдіру және оқу барысында уақытша жұмыс жасау, сондай-ақ ЖОО бітірген соң жұмыспен қамтамасыз ету; Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының анықтамалық-ақпарат жүйесі бар, түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету барысында мониторинг жүргізіледі. Айта кететін жайт, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы барлық мамандықтары бойынша бітірушілері еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие.

         Алайда, өзімізге белгілі, Қазақстан іс жүзінде нарықтық экономика заңымен өмір сүреді, сол себепті түлектеріміз өнер мамандықтары бойынша жұмысқа орналасу кезінде түрлі қиындықтарға жолығуда. Бітірушілердің жұмысқа орналасуын күрделендірген бірқатар себептер бар:

  1. Облыстық мәдениет басқармаларында мәдениет пен өнер саласының түлектеріне арналған қажетті мөлшердегі бос орындар жоқ;
  2. Бос орындары бар облыстық мәдениет басқармалары жас мамандарды тұрғын үймен және жеткілікті мөлшерде жалақымен қамтамасыз ете алмауы мамандардың бір орында тұрақтай алмауына әкеп соғуда;
  3. Мемлекет есебінен грантқа ие болып, білім алған түлектердің сол алған білімін жұмыспен өтеуді міндеттейтін механизм қарастырылмаған;
  4. Жекеменшік ЖШС, АҚ, ЖМ мекемелерде жұмыс істейтін түлектерді бақылауда ұстау қиын, себебі аталмыш мекемелерде зейнетақы қорына ақша аудару жүйесі бір жолға қойылмаған.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын 2015-2016 оқу жылында көрсетілген мамандықтар бойынша 337 түлек бітіреді.