• 21.11.2024

«Марие Кури докторлық нетуоркинг-жоспарлау (MSCA)»

Авторkaznai

Мар 25, 2024

Венециядағы «Марие Кури докторлық нетуоркинг-жоспарлау (MSCA)» жиналысына Академия қатысты

2024 жылдың 25-26 наурыз күндері «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры К.З. Халыков Уорвик Университеті (Ұлыбритания) ұйымдастырған «Марие Кури докторлық нетуоркинг-жоспарлау (MSCA)» жиналысына Венеция қаласына (Италия Республикасы) қатысты.

Консорциумға университеттердің өкілдері: Жаңа Лиссабон университетінен «Өнер тарихы» кафедрасының профессоры (NOVA-FCSH), Өнер тарихы институтының (IHA) директоры доктор Александра Курвело қатысты. Любляна университеті, Любляна университетінің (әлеуметтік ғылымдар факультеті) мәдениеттану профессоры Доктор Алёша Пузар, мәдениеттану кафедрасының доценті доктор Наталья Майсова қатысты. Белградтағы өнер университетінің бейнелеу өнері факультетінің профессоры доктор Елена Тодорович қатысты. Джавахарлал Неру университетінің профессоры және эстетика мектебінің жетекшісі, Дели Халықаралық театртану федерациясының президенті доктор Бишнуприя Датт, сондай-ақ, Уорвик Университеті тарих кафедрасының доценті және Венециядағы Уорвик директоры Доктор Лука Мола және Уорвиктегі зерттеу стратегиясы және даму менеджері (өнер) доктор Алан Эштон-Смит қатысты.

Академиялық серіктес ретінде Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы өз бастамаларын «Жібек жолының ескі және жаңа бейнелеріне жауап ретінде көркем және мәдени өндірістің қалыптасып келе жатқан нысандары, мұра жобалары туралы жаңа идеяларды дамыту бағытында өз ұсыныстарын енгізді.

Уорвик Университеті Академия магистранттары мен докторанттарын «Күзгі мектеп» семинарларына қатысуға Венецияға шақырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия