Құрметті талапкерлер, студенттер және оқытушылар!
Қазақстандық жоғары оқу орындарының халықаралық танымалдылығын арттыру және білім беру мүмкіндіктерін шетелдік аудиторияға таныстыру мақсатында Study in Kazakhstan цифрлық платформасы туралы ақпаратпен бөлісеміз.
Жоба аясында @study_in_kazakhstan_ ресми Instagram парақшасында жоғары оқу орындарының артықшылықтары, жетістіктері мен білім беру мүмкіндіктері, сондай-ақ шетелдік студенттердің Қазақстанда білім алу тәжірибесі туралы ақпараттық материалдар жарияланады.
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының білім алушылары мен оқытушыларын, сондай-ақ шетелдік талапкерлерді платформамен танысуға және ресми парақшаны бақылауға шақырамыз.
Цифрлық платформа: studyinkz.kz
Instagram: @study_in_kazakhstan_




