ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ — ҚазҰӨА
kz ru en

#1 Өнер академиясы Қазақстанда

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

Біздің академия — шығармашылықтың, өнердің және мәдениеттің ордасы. Егер сіз өз өнеріңізді шыңдап, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізгіңіз келсе, біз сізді күтудеміз! Сіздерді кәсіби білім, тәжірибелі ұстаздар мен шығармашылық орта күтеді. Біздің академияға келіңіз және өнер жолындағы үлкен қадамды жасаңыз!

Біз туралы

Академияда 6 факультет,4 академиялық кафедра жұмыс атқарады

1) Театр өнері 2) Кино және ТВ; 3) Хореография; 4) Кескіндеме, мүсін және дизайн; 5) Өнертанушылық; 6) Музыка өнері. Мамандарды дайындау бойынша 23 кафедра жұмыс жасайды, оның ішінде 17 шығарушы, 6 жалпы академиялық болып табылады. 2008 жылы біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау бөлімі ашылды.

2001 жылдың желтоқсан айынан бастап академия құрамына Республикалық көркемөнер колледжі қосылды, сол уақыттан бастап өнер саласында көп тармақтылы мамандарды даярлау басталды: мектеп-интернат – 7-9 сыныптар (бастапқы көркемөнер дайындығы), колледж (техникалық және кәсіби білім), ЖОО (жоғары арнайы оқу орны), сонымен қатар ЖОО кейінгі білім (магистратура және докторантура PhD).

1955

Академия тарихы 1955 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияда (қазіргі Консерватория) театр бөлімі ашылған сәттен басталады. Бұл кезең Академияның даму негізін қалады.

1977

1977 жылы Алматы Мемлекеттік театр-көркемөнер институты (АМТКИ) құрылды. Ректор Г. Жанысбаевтың басшылығымен алғашқы ұстаздар мен ұйымдастырушылар еліміздің театр және өнер саласындағы дамуға үлкен үлес қосты.

1979

1979 жылы көркемөнер факультеті ашылды, онда танымал суретшілер мен өнер қайраткерлері білім берді.

1989

1989 жылы 28 қаңтарда Қазақ КСР министрлер кеңесі Алматы Мемлекеттік театр-көркемөнер институтына Темірбек Қараұлы Жүргеновтің атын беру туралы қаулы қабылдады.

1991

1991 жылы АМТКИ негізінде екі мамандандырылған жоғары оқу орны құрылды: Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты мен Қазақ мемлекеттік көркемөнер академиясы.

2001

2001 жылы академия Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы болып аталды, бұл оны еліміздегі білім және мәдениет саласындағы жетекші оқу орындарының біріне айналдырды.

2008

2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры ретінде Арыстанбек Мұхамедиұлы тағайындалды.

2014

2014 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректоры болып Бибігүл Нүсіпжанова тағайындалды.

2018

2018 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректоры болып Асхат Маемиров тағайындалды.

2019

2019 жылдың тамыз айында Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректоры болып Ақан Жылқышыбайұлы Абдуалиев тағайындалды.

2022

2022 жылдың ақпан айында Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректоры болып Азамат Сатыбалды тағайындалды.

2024

2024 жылдың қаңтар айында Жудебаев Арман Әділханұлы Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректоры болып тағайындалды.

1955

1977

1979

1989

1991

2001

2008

2014

2018

2019

2022

2024

200+

фильм мемлекеттік тілге аударылды

100+

концерттер мен бенефистер өткізілді

80+

Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары

400+

Профессорлық-оқытушылық құрамы

Академия туралы бейне

Жиі қойылатын сұрақтар

Академия туралы сұрақтарыңыз бар ма? Жиі қойылатын сұрақтарды қараңыз

Құрметті пайдаланушы! Бұл бөлімде сіздер біздің академияға қатысты жиі қойылатын сұрақтар мен олардың жауаптарын таба аласыздар.

Академияда әртүрлі өнер және мәдениет салалары бойынша жоғары білім алуға болады, соның ішінде театр, кино, хореография, кескіндеме және музыка өнері сияқты мамандықтар бар.

Қабылдау процесі академияның ресми сайтында жарияланған талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Біздің академияда оқуға қабылдану үшін емтихан тапсыру және шығармашылық конкурстарға қатысу қажет.

Студенттеріміз шығармашылық жобаларда, көркемөнер фестивальдерінде, театр қойылымдары мен кино түсірілімдерінде тәжірибе жинақтайды. Сонымен қатар, олар халықаралық және республикалық байқауларға қатыса алады.

Академияға демеушілік көрсету үшін бізге хабарласып, біздің жобаларымызға қолдау білдіру туралы келісім жасауға болады. Демеушілерге арналған арнайы ұсыныстар мен мүмкіндіктер бар.

Қабылдау комиссиясы