• 27.05.2024

«05+Baiqonyr»

Авторkaznai

Сәу 12, 2024

2024 жылдың сәуір айының 11-і күні «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті «Көркемсурет» кафедрасының меңгерушісі Б.С.Тұрғынбай мұражай-галереяның меңгерушісі М.Тоқпанованың  және «Өнертану» факультеті «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының аға оқытушысы З.А.Ыдырыстың ұйымдастыруымен  монументалды кескіндеме, қондырғылы кескіндеме және мүсін мамандықтарының бакалавр, магистратура және бітіріп кеткен түлектерінің, оқытушылар құрамының, сондай-ақ арнайы шақырылған қонақтар танымал суретші, дизайнер «Қызыл трактор» трансавангардтық тобының белді мүшесі А.Шалбаев пен белгілі суретші, аниматор Ғ.Мырзашевтің қатысуымен «05+Baiqonyr» шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтті.  Көрме жыл сайын 12 сәуір Ғарышкерлер күні қарсаңында сана-арт бағытында ұйымдастырылып, биыл 5-ші жыл жалғасын тауып отыр. Биылғы көрменің ауқымы кеңейіп, көрермен назарына ғарыш тақырыбына арналған кескіндемелік туындылармен қатар мүсін мамандығы студенттерінің заманауи шешімде ойластырылған кеңістіктік пластикалық туындылары ұсынылды.

Көрменің ашылуына арнайы Фесенков атындағы Астрофизика институты директорының орынбасары Р.Р.Валиуллин және Италья мен Қазақстан арасындағы мәдени байланысты орнатудағы еріктілердің бірі Роберто Болтри келіп қатысып, «05+Baiqonyr» көрмесінің қатысушыларына шығармашылық шабыт пен толағай табыс тіледі.

Барлық өнерге қызығушы қауымды «05+Baiqonyr» көрмесін Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА мұражай-галереясына келіп тамашалауға шақырамыз. Көрме сәуір айының 20-на дейін жалғасады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия