• 21.05.2022

«БІЗДІҢ ЕСІМІЗДЕ – БІЗ МАҚТАН ТҰТАМЫЗ»

Авторkaznai

Мам 11, 2022

Кафедралар

«Қазақстан тарихы және қоғамдық ғылымдар» «Шет тілдері және Қазақстан халқы Ассамблеясы»

Отан қорғаушылар күніне арналған «БІЗДІҢ ЕСІМІЗДЕ – БІЗ МАҚТАН ТҰТАМЫЗ» атты, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына арналған салтанатты іс-шара

2022 жылғы 7 мамырда Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына арналған «БІЗДІҢ ЕСІМІЗДЕ – БІЗ МАҚТАН ТҰТАМЫЗ» атты салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар:

  • Молдавия этномәдени бірлестігі – Елгелдиева Т.Н.;
  • Ауған этномәдени бірлестігі – Ахмадулла В.;
  • Күрд этномәдени бірлестігі – Колоев С.

Іс-шараны ұйымдастыруға қатысқан:

Қазақ Т.Қ.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының профессоры Шаймерденова Меңдіғаным Джамалбековна, ҚХА мүшесі, ҚХА ҰЕҰ мүшесі.

Жүргізушілер:

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Кино және телевидение» факультетінің 1 курс студенттері: Хамзин Чингизхан, Нусупова Залина.

Іс-шараға шақырылғандар:

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері; интернационалдық борышын өтеп жүрген Ауғанстандағы соғыс ардагерлері, Алматы қаласының этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері.

Салтанатты шараның қонақтарын Отан қорғаушылар мерекесімен және Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 77 жылдығымен құттықтап, құттықтау сөз сөйледі.

Балғымбаев Назар Албанұлы – Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі;

Әбушүкүров Мұрат Мұхтарұлы – полковник, Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Үйлестіру кеңесінің төрағасы, интернационалистер жауынгерлері және жергілікті соғыстарға қатысушылар қоғамының төрағасы;

Іс-шараға қатысқандар: Зулярова Шахриза Владимировна – Алматы қаласы «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшысы.

Салтанатты шараға қатысушылар үшін мерекелік концерт қойылып, онда тамаша әндер орындалды. Орындаушылар:

  • актер және кинорежиссер, Халықаралық шығармашылық байқауларының лауреаты – Пулат Маликов.
  • әншілер Маргарита Туманян, Марина Шматова.
  • аранжировка шебері, әнші – Рустам.

Іс-шара аясында мерекелік дастархан жайылды, сонымен қатар қонақтарға гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар ұсынылды.

Приемная комиссия