• 19.04.2024

Ағымдағы жылдың 21 қаңтар күні

Авторkaznai

Қаң 21, 2022

Ағымдағы жылдың 21 қаңтар күні ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Олимпиада және Паралимпиада ұлттық құрамаларының мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында

Қазақстан Президенті қатысушыларға арнаған сөзінде Пекинде Қазақстан намысын қорғайтын спортшыларға еліміздің ерекше үміт артатынын атап өтті. Елімізде әрдайым спортқа ерекше мән беріліп келе жатқанына назар аударды. Инклюзивті қоғамның дамуына да мемлекеттің жүйелі қолдау көрсете отырып, спортпен шұғылдануға ниетті барша азаматтар үшін жағдай туғызып отырғанын айтты.

2022 жыл – Балалар жылы деп жарияланғанын білеміз. Президент бұл жайтқа да тоқталып өтті. Өскелең ұрпақтың дұрыс қалыптасу жолында денсаулық сақтау саласында бірқатар іс-әрекеттер қолға алынған. Біз болашақ ұрпақты патриоттыққа, саламатты өмір салтына тәрбиелеуде спортшыларымыздың еңбегі қаншалықты зор екенін білеміз. 

Бүгін де спортшыларымыздың алдында өздерінің спорттық нәтижелері арқылы бүкіл әлемге Қазақстан спортының әлеуетін тағы да дәлелдеу міндеті тұр. Жеңіс тұғырынан көрінулеріңізге тілектеспіз!

Приемная комиссия