• 02.05.2024

2024 жылдың 16 сәуірінде Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқу театрында “Эстрадалық оркестр аспаптары” кафедрасының (“Музыкалық өнер” факультеті) ұйымдастыруымен талапкерлер арасында “Жас Дарын” атты III Республикалық эстрадалық орындаушылар байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – академияға одан әрі түсу мақсатында музыкалық колледждер мен республикалық орта мамандандырылған музыкалық мектептердің дарынды түлектерін анықтау және қолдау. Биыл байқауға Қазақстанның түрлі қалаларынан – Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар, Петропавлдан 17 адам қатысты. Конкурстық тыңдау екі номинация бойынша өтті: үрмелі аспаптар және ритм секциясының аспаптары.

Қатысушылардың конкурстық бағдарламаларын тыңдау қорытындысы бойынша қазылар алқасы мынадай шешім шығарды:

“Үрмелі аспаптар” номинациясы:

Бірінші дәрежелі Лауреат-Сафонов Илья Андреевич (Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі.);

Екінші дәрежелі Лауреат – Кеңес Әсет Бекнұрұлы (. А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаты);

Үшінші дәрежелі Лауреат-Гриценко Марина Александровна (П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі).

Ритм секциясының аспаптары” номинациясы:

Бірінші дәрежелі лауреат – Насибулин Антоний Валерьевич (П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі);

Екінші дәрежелі лауреат – Түйчібеков Гибек Серікбайұлы (Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі);

Екінші дәрежелі Лауреат-Айтмаханбет Бақдәулет Сабыржанұлы (П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі);

Үшінші дәрежелі Лауреат – Әбітхан Асанәлі Дәуренбекұлы (Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі.);

Үшінші дәрежелі Лауреат – Карбаев Нұрдәулет Нұрланұлы (“Ермек Серкебаев атындағы “өнердегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат” кешені, Петропавл қ.);

Үшінші дәрежелі лауреат – Қадыр Кенжехан Алмасханұлы (Оңтүстік Қазақстан музыкалық колледжі, Шымкент қ.).

Барлық қатысушыларға шығармашылық табыстар мен жеңістер тілейміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия