• 29.03.2024

«Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі»

Авторkaznai

Жел 22, 2021

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кинозалында «Кино және ТВ» факультеті Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» арнайы жобасы бойынша «Қазақ киносының ұлы тұлғалары» атты студенттік қысқаметражды фильмдер байқауының қатысушылары мен жүлдегерлерінің фильмдерін көрсетті.

Профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттерге 12 туынды ұсынылды. Олар: 

  • «Миг вечности – сюжеты Шакена» (Ш.Айманов), «Кино және ТВ операторы» 1 курс студенттері;
  • «Наш милый доктор – Ю.Б. Померанцев», Санат Малика «Көркем фильм режиссурасы» 4 курс;
  • «Көзімнің қарасы» (С.Нарымбетов), Ақжол Гаухар «Көркем фильм режиссурасы» 4 курс;
  • «Судьба матери. Амина Умурзакова», Тайгұлы Айдана «ТВ режиссурасы» 4 курс;
  • «Лучшее из прошлого: Сералы Кожамкулов», Уалиева Алия «Көркем фильм режиссурасы» 3 курс;
  • «Нурмухан Жантурин», Индира Боранбаева «ТВ режиссурасы» 3 курс;
  • «Досхан Жолжақсынов», Самал Тукаева «Көркем фильм режиссурасы» 3 курс;
  • «Разговоры о кино» (Е.Тұрсынов), Рүстем Дастанұлы «Көркем фильм режиссурасы» 5 курс;
  • «Ақан Сатаев», Рақым Самғар «Кино және ТВ режиссурасы» 1 курс магистранты;
  • «Игорь Вовнянко: человек-оркестр», «Деректі фильм режиссурасы» 2 курс студенттері;
  • «Вот это – кино», «Көркем фильм режиссурасы» 3 курс студенттері;
  • «БАҚ» (Б.Құранбек), Зере Амангельдинова, Анель Оразгелды «ТВ режиссурасы» 3 курс;
  • «Қазақ өнерінің ақтангері» (Т.Жүргенов), Шыңғысбай Балнұр «ТВ режиссурасы» 3 курс.

Фильмдер көрсетілімі 22 желтоқсан жалғасын табады. Баршаңызды шақырамыз! 

Приемная комиссия