• 25.09.2022

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Театр өнері» факультеті, «Қуыршақ театры артисі» мамандығының 3-курс студенті Смағұлова Махаббатты Париж бен Лондонда өткен Халықаралық өнер фестивалінде І орынды және Кипрде өткен байқауда II орынды иеленуімен шын жүректен құттықтаймыз! 
Еуропаның ірі қалаларында өткен жас орындаушылардың Халықаралық байқауында Махаббат жүлделі орындарды аспаптық жанр, фортепиано номинациясы бойынша иеленген. Байқауға жас композитор Айдос Сағаттың «Талшын» атты пьессасын таңдаған. Жетекшісі – Султангалиева Эльмира, Музыкалық театр кафедрасының профессоры.

Студентімізге алдағы уақытта шығармашылық өрлеу, сарқылмас шабыт тілейміз.

Жеңісті күндер көп болсын!


Приемная комиссия