• 05.12.2022

«Қазақ киносының ұлы тұлғалары»

Авторkaznai

Жел 8, 2021

Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Кино және телевизия тарихы» арнайы жобасымен «Қазақ киносының ұлы тұлғалары» атты байқауға «Кино және ТВ» факультетінің студенттері өз фильмдерімен қатысты. 

Байқауға қатысушылардың басты міндеті – Отандық кинематография мен телевизияның қалыптасуы мен дамуыназор үлес қосқан көрнекті режиссерлердің өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша деректі фильмдер түсіру болды. 

Рухани жаңғыру бағдарламасы «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» арнайы жобасы аясында деректі қысқаметражды фильмдер түсіруде:

 «Креативті шешім» номинациясы бойынша «Наш милый доктор – Ю.Б. Померанцев» фильмімен Санат Малика марапатталды.

«Үздік режиссура номинациясы» бойынша «Игорь Вовнянко: человек – оркестр» фильмінің авторлары: Қырғызбаев Рамазан, Мәулен Әлімхан, Оразалы Жандос, Қыдарбекова Аружан, Ордабекұлы Нұркен, Құлмырза Дінмұхаммед, Суханбердиев Жусуп, Сатылған Алихан, Канжанов Диас марапатталды.

«Үздік фильм» номинациясы бойынша «БАҚ» фильмімен Амангельдинова Зере және Оразгелды Анель марапатталды. 

Сондай-ақ, байқаға белсенді қатысқаны үшін студенттер «Алғыс хатпен», байқауға деректі қысқаметражды фильмдер байқауына қосқан үлесі үшін Тайгулы Айдана, Дастанұлы Рустем, Абдикеримова Арслан, Морозов Богдан, Нұрланқызы Феридэ, Ерлан Санжар, Асхатқызы Арайлым «Арнайы дипломмен» марапатталды. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия