• 12.10.2024

2022 жылдың 5 қыркүйегінде «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының оқытушылары дәстүрлі түрде Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл – халықтың жаны» тақырыбында сабақтар өткізді. Тілдер мерекесі – 100-ден астам этнос өкілдерінен тұратын, біртұтас Қазақстан халықына, барша қазақстандықтарға үлкен мереке. Тіл – ұлттық бірегейліктің факторы екендігіне ерекше назар аударылды; бұл мереке – Ұлы Даланың көпұлтты мәдениетін сақтауға және Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға үлес қосады. Аталмыш сабақтар тәуелсіз Қазақстанның тіл саясатын дамытудағы басты белестерін; көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым-лингвист Ахмет Байтұрсынұлының ағартушылық қызметін қамтыды. Сабақтарда ұсынылған мұрағаттық және бейнематериалдар студенттердің қызығушылығын оятты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия