• 19.04.2024

«Ахмет Байтұрсынұлы – Ұлтымыздың Ұлы Ұстазы»

Авторkaznai

Ақп 21, 2022

Т.ЖҮРГЕНОВ АТЫН. ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

«Қазақстантарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы

«Ахмет Байтұрсынұлы – Ұлтымыздың Ұлы Ұстазы» атты Халықаралық дөңгелек үстел

Биылғы жыл халқымыздың  көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты  ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толған мерейлі жыл. Қазақ даласы ел болып қазақ халқының перзентін ұлықтап, түрлі іс-шараларды өткізуде. «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 18 ақпанында қазақ халқының ұлы перзенті Ахмет Байтұрсыновтың мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы – Ұлтымыздың Ұлы Ұстазы» атты Халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараныТ.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы РММ тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Абзал Қуанышұлы алғы сөзімен ашты.

            Халықаралық дөңгелек үстелге еліміздің, шетелдің профессорлық-оқытушылық құрам мен мектеп мұғалімдері, студенттер, магистранттар мен ізденушілер қатысты. Атап айтсақ:

  • А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, «Грамматика» бөлімінің меңгерушісі, филология ғ. докторы, профессор Момынова Бағдан Қатайқызы.
  • Әл-Фараби атын.Қазақ Ұлттық  университетінің  профессоры, фил. ғ. докторы Смағұлова Гүлдархан Нұрғазықызы.
  • Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, фил. ғ. докторы, профессор Маразыков Турусбек Сейдакматович .Қырғызстан, Бишкек қаласы
  • Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының түлегі, актер, драматург, киносценарийші, ақын, композитор, Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі Есенәлиев Байғали Мақұлбекұлы.
  • Түрік мемлекеті Фырат университетінің профессоры, доктор Ерджан Алкая.
  • Алматы Технологиялық Ун- «Мемлекеттік және шетел тілдері» кафедрасының  аға оқытушысы, «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Абдрахманова Қарлыға Жортуылқызы.
  • Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы. «Басқару өнері» кафедрасының доценті, п.ғ.к. Исмаилова Шамсия, т.б.

Баяндамашылар А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын жан-жақты талдады.

Дөңгелек үстелде«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының профессоры, тарих.ғ.к., Шаймерденова М.Ж. келген қонақтарға шексіз алғысын білдіріп, қортынды сөзді .Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы РММ тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Абзал Қуанышұлы аяқтады.

Приемная комиссия