• 20.04.2024

Қаза тапқан медицина қызметкерлерін еске алу

Авторkaznai

Мам 12, 2022

Кафедралар «Қазақстан тарихы және қоғамдық ғылымдар» «Шет тілдері және Қазақстан халқы Ассамблеясы» Салтанатты іс-шара – Қаза тапқан медицина қызметкерлерін еске алу

2022 жылдың 8 мамырында 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта салтанатты шара өтті – майдангерлерді марапаттау және туған-туыстарына марапаттар тапсыру, майдангерлер ескерткіші мен Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: «Ұлттық медицина қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі, ауған жауынгер-интернационалистері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері.

Қауымдастық президенті, медицина ғылымдарының кандидаты Садықова Айжан Бегайқызы Ұлы Отан соғысы майдандарында жанын қиған майдангерлердің туған-туыстарына медальдар, алғыс және естелік сыйлықтарды салтанатты түрде табыс етті.

Жиналғандар да коронавирустан қайтыс болған медицина қызметкерлерінің туыстары мен жақындарына құрмет көрсетіп, шын жүректен көңіл айтты.

Әнші-композитор Фурқат Азамов медицина қызметкерлеріне арналған авторлық әнді орындады.

Іс-шараға профессор Шаймерденова Меңдіғаным Жамалбекқызы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Кино және теледидар факультетінің 1 курс студенттерімен қатысты.

Приемная комиссия