• 29.03.2024

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Театр өнері факультеті, «Кино және театр әртісі» мамандығының 4-курс студенті Жетпісов Даниярды «Ана тіл аруы – Жігіт сұлтаны» – 2021 байқауында Бас жүлдені иеленуімен құттықтаймыз!

Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық университетінде өткен байқауға оқу орнының студенттері және Алматы қаласы университеттерінің жастары қатысты. Алғашқы кезеңіне 200-ге жуық қыз-жігіт өтініш білдіріп, олардың 32-сі екінші кезеңге өтті. Ақырғы айналымда 8 ару мен 8 сұлтан бақ сынады.

Нәтижесінде қазылар алқасының ұйғарымы бойынша Т.Қ. Жүргенов ат. ҚазҰӨА студенті байқаудың бас жүлдесін иеленіп, «Жігіт сұлтаны – 2021» атағын жеңіп алды. Демеушілердің атынан Дубайға жолдама берілді. 

Жетекшісі: Алма Какишева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері. 

Студентімізге алға қойған жоспарларының жүзеге асуын, арман-мақсаттарының орындалуын тілейміз. Жеңісті күндер көп болсын! 

#Жарайсың

Приемная комиссия