• 27.09.2022

С Ү Й І Н Ш І !

Авторkaznai

Ақп 11, 2022

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Музыкалық өнер факультеті, «Эстрада вокалисі» мамандығының студенті Жақсылықова Альбинаны «Fantasia» І Халықаралық классикалық музыка байқауында ІІ орынды иеленуімен құттықтаймыз!


Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Fantasia» І Халықаралық классикалық музыка байқауы Франц Йозеф Гайднның 290 жылдығына орай ұйымдастырылды. Альбина «Жалпы форетпиано» номинациясында комиссияның шешімімен 2-орынға лайық деп танылған. Жетекшісі: Бегімбетова Дина, оқытушы.

Студентімізге алдағы белестерге жеткізер мүмкіндіктер мен сарқылмас шабыт тілейміз. Жеңісті күндер көп болсын! 

Приемная комиссия