• 20.04.2024

«Сәндік-қолданбалы өнердегі және қазіргі заманғы көркемдік тәжірибелердегі креативті кеңістіктің тарихы, теориясы мен тұжырымдамасы» атты бірлескен халықаралық ғылыми конференция

Авторkaznai

Нау 9, 2022

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

Т. Қ. ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

«Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасы

РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

А. Л. ШТИГЛИЦ АТЫНДАҒЫ САНКТ-ПЕТЕРБУРГ МЕМЛЕКЕТТІК ӨНЕР ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП АКАДЕМИЯСЫ

 «ӨНЕРТАНУ» КАФЕДРАСЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

2022 жылдың 26 сәуірінде Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (Алматы) мен А. Л. Штиглиц атындағы Санкт-петербург мемлекеттік өнер және өнеркәсіп академиясының «Сәндік-қолданбалы өнердегі және қазіргі заманғы көркемдік тәжірибелердегі креативті кеңістіктің тарихы, теориясы мен тұжырымдамасы» атты бірлескен халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.

Конференцияның мақсаты – тарихты, сәндік-қолданбалы өнер теориясы мен қазіргі заманғы көрнекі бағыттарды зерттеудегі проблемалық мәселелерді талқылау; посткеңестік кеңістік елдеріндегі Тәуелсіздіктің 30 жылындағы сәндік-қолданбалы өнердің даму үрдістерін, мәнмәтіндері мен ерекшеліктерін және жаңа көркемдік практикаларды талдау; суретшілердің шығармашылық қызметіндегі креативті кеңістік тұжырымдамасы туралы пікірталас.

Ұйымдастыру комитеті: Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасы. Мекенжайы: Панфилов к-сі, 127, Алматы, Қазақстан Республикасы.

КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ:

  • 1. Тарихи контекстегі сәндік-қолданбалы өнердің дамуы.
  • 2. Сәндік-қолданбалы өнерді зерттеудегі теориялық және әдіснамалық мәселелер.
  • 3. Қазіргі көркемдік тәжірибені зерттеудегі теориялық парадигмалар.
  • 4. Шығармашылық портрет: дереккөздері, материалдары, көркемдік ойлау дискурсындағы формалар.
  • 5. Суретшілер шығармашылығындағы шығармашылық кеңістік тұжырымдамасының мәселелері.

Конференция материалдарының электрондық жинағына арналған мақаланы 2022 жылдың 20 сәуіріне дейін (ресімдеу үлгісі – бұдан әрі) decorkz_art@mail.ru электронды поштаға жолдау қажет.

Материалдардың электронды жинағы Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА (kaznai.kz) және А. Л. Штиглиц атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік көркем-өнеркәсіп академиясы (https://www.ghpa.ru)  сайтында жарияланады

Конференцияның ұйымдастыру комитеті конференцияның мәлімделген тақырыбына мақала мәтінін ресімдеуге сәйкес келмейтін мақалаларды қабылдамауға құқылы. Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы қарастырылмайды.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫ ӨТКІЗУ РЕГЛАМЕНТІ

  • 2022 жылғы 26 сәуір
  • Сағат 10.00-Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА кинозалында пленарлық отырыс (онлайн).
  • 14.00-секциялық отырыстар (Академияның оқу аудиторияларында).
  • Конференцияны өткізу форматы: онлайн.
  • Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

ӨТІНІМ

Автордың аты-жөні 
Ел, қала 
Жұмыс орны (толық және қысқартылған) 
Лауазымы, ғылыми дәрежесі, атағы 
Ғылыми жетекшінің рецензиясы (білім алушылар магистратураға, докторантураға қатысқан жағдайда) 
Баяндама атауы 
Секция атауы 
Телефон 
E-mail 

Қосымша 2beyneley@mail.ru

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ

  • Мақала жазу кезінде Microsoft Word редакторы қолданылады.
  • Мақала көлемі-10 000-нан 15 000 белгіге дейін (бос орындармен).
  • Парақтың өлшемі-А 4.
  • Парақтың жиектері: оң жағы – 1,5 см; сол жағы – 3,0 см; төменгі жағы – 2,0 см; жоғарғы жағы – 2,0 см.
  • Жоларалық интервал-1,0.
  • Мақала мәтініндегі абзац: шегініс 1,25 см.
  • Қаріп параметрлері: тақырыбы-Times New Roman (14 кегль) бас әріппен; аңдатпа мен түйінді сөздер – Times New Roman (12 кегль); мақала мәтіні –Times New Roman (14 кегль); әдебиеттер тізімі – Times New Roman (12 кегль).
  • Сілтемелер шаршы жақшада көрсетіледі, онда сілтеме жасау тәртібімен дереккөз немесе зерттеу нөмірі және бет нөмірі қойылады – [1, c. 28].

Беттер нөмірленбейді.

Мақаланы рәсімдеу үлгісі

Р. Қ. Смағұлов

Қазақ ұлттық өнер академиясы Т. Жүргенов атындағы

Алматы, Қазақстан

Smagulov@mail.ru

МАҚАЛА АТАУЫ

  • Аннотацияның қазақ тіліндегі мәтіні (ҚР зерттеушілері үшін), 100-150 сөз.
  • Кілт сөздер: қазақ тілінде 6-8 сөзден артық емес.
  • Аннотация мәтіні орыс тілінде, 100-150 сөз.
  • Түйінді сөздер: орыс тілінде 6-8 сөзден артық емес.
  • Аннотация мәтіні ағылшын тілінде, 100-150 сөз.
  • Keywords: ағылшын тілінде 6-8 сөзден артық емес.

Мақала мәтіні. Мақала мәтіні.  Мақала мәтіні. Мақала мәтіні.

 Әдебиеттер:

Смагулов Р. К. К проблеме развития современных художественных практик Казахстана на современном этапе // Культура Казахстана. Материалы международной научно-практической конференции. Алматы, 8–9 июня 2020. – С. 198–201.

Кривцун О. А.Эволюция языка искусства: культурные и художественные влияния // Вопросы теории искусства. – URL:https://cyberleninka.ru/article/n/evolyutsiya-yazyka-iskusstva-kulturnye-i-hudozhestvennye-vliyaniya (дата обращения 02.01.22)

Топоров В. Н. Миф. Ритуал. Символ. Образ: Исследования в области мифопоэтического: избранное. – М.: Прогресс: Культура, 1995. – 320 с.

Приемная комиссия