• 27.09.2024

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы

Авторkaznai

Қыр 6, 2024

2024-2025 оқу жылының көктемгі семестріне екіжақты келісім бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталғанын хабарлаймыз!

          Құжаттар 2024 жылдың 9 қыркүйек пен 20 қыркүйекті қоса алғандағы мерзім аралығында қабылданады. БІРІНШІ ЖӘНЕ БІТІРУШІ КУРС СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚҰЖАТТАРЫ ҚАРАЛМАЙДЫ.

Байқау екі кезеңнен тұрады: іріктеу және финал.

Конкурсқа қатысу үшін (I кезең) үміткерлер келесі құжаттарды тапсырады:

  1. Өтініш;
  2. 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) транскрипт, офис-тіркеуші бөлімімен беріледі (5 каб., бас корпус);
  3. Мотивациялық хат (қазақ немесе орыс тілдерінде);
  4. Ұсыныс хат (шебердің/басшының/куратордың және факультет деканының қолымен куәландырылған (қазақ немесе орыс тілдерінде);
  5. Сертификаттар: IELTS 5.5 төмен емес, неміс тілі В2 деңгейінен төмен емес, корей тілі TOPIC 3 деңгейінен төмен емес. IELTS 5.5 сертификаты бар студенттер әңгімелесуден босатылады.

Конкурстық іріктеудің I кезеңін өткізу кестесі қосымша жіберілетін болады.

Іріктеу кезеңінің нәтижелері Академияның сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.

Конкурстық іріктеудің II кезеңі (финалдық кезең) қабылдаушы ЖОО-да 2024 жылдың қараша/желтоқсан айының соңына дейін өтеді. Студентті академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқыту туралы түпкілікті шешім қабылдаушы жоғары оқу орнының басшылығында қалады (құжаттардың негізгі пакетін қалыптастыру екі кезеңнің қорытындысы бойынша жүргізілетін болады).

          Жоғарыда көрсетілген құжаттар топтамасын 9 кабинетке (бас корпус) тапсыруларыңызды сұраймыз.

Толық ақпарат алу үшін сыртқы байланыстар және академиялық ұтқырлық бөліміне (бас корпус, 9 кабинет) хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: +7 (727) 261 15 72; эл.почта: kaznaa@bk.ru

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия