• 07.12.2022

«Академиялық магистратура – табысты мансапқа жаңа жол»

Авторkaznai

Қаз 20, 2022

2022 жылдың 18-қазанында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында магистранттарға арналған «Академиялық магистратура – табысты мансапқа жаңа жол» семинары өтті.

18.10.2022 күні Академия кинозалында магистранттарға арналған cеминар оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Ш.А.Әмірбековтің, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор К.З.Халыковтың, Ақпараттық коммуникациялар және тестілеу  бөлімі және ЖОО кейінгі білім берудің ғылыми-зерттеу орталығы өкілдерінің қатысуымен өтті.

Аталған семинарға 30 адам қатысты. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде оқу процесін ұйымдастырудың негізгі мәселелері талқыланды, ЖООК ББ ҒЗО жұмысының негізгі аспектілері айқындалды.

Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Ш.А.Әмірбеков білім беру процесінің негізгі бағыттарын айқындап, магистранттардың сұрақтарына жауап берді, міндеттерді өзектендірді.

Ақпараттық коммуникациялар және тестілеу бөлімінің өкілдері электрондық ресурстармен жұмыс нәтижелері бойынша презентация көрсетуді ұйымдастырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия