• 29.03.2024

«Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының рухани көсемі» атты танымдық кеші

Авторkaznai

Ақп 2, 2022

2022 жылдың  28 қаңтарында Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының жас драматургтерге арналған «Ритм» студенттік шығармашылық лабораториясы мен Әлеуметтік тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімі ұйымдастырған көрнекті қоғам қайраткері, ақын, ұлы ұстаз, ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқының рухани көсемі»  атты танымдық кеші болып өтті.

Кешке Өнертану факультетінің деканы Меруерт Жаксылыкова, Әлеуметтік тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімінің басшысы – Нұрлан Сағынай, тарихшы, Phd, доцент Ардақ Нұрмағамбетов,  өнертану кандидаты Аманкелді  Мұқан және  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доктаранты – Дарын Қалибекұлы қонақ болды.

Кеш барысында Ахмет Байтұрсынұлының  өмір жолы мен шығармашылығы кеңінен тарқатылып баяндалды. Сонымен қатар, студенттер ақынның төл өлеңдерін оқыды. Арнайы шақырылған  қонақтар ұлы тұлғаның қазақ халқының болашағы үшін сіңірген қызметі жайында өз ойларымен бөлісіп, еңбектерін дәріптеді. Кеш соңында Дарын Қалибекұлы Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» және  Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» атты әндерін нақышына келтіре орындап, қатысушылардың көңіл ажарын ашып берді.

Приемная комиссия