• 01.05.2024

«Ән әлемінде» атты кітабының тұсау кесер рәсімі

Авторkaznai

Жел 4, 2023

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының іргетасын қалаушылардың бірі Қазақстан Республикасы Білім және Мәдениет саласының үздігі, Халық алғысы медальінің иегері, Түркі әлемінің үздік педагогы, Жеке ән салу кафедрасының профессоры Мақсұт Жүніс Оразұлының «Ән әлемінде» атты кітабының тұсау кесер рәсімі аталмыш академияның оқу театры залында зор қуанышпен өтті. Кітаптың тұсау кесер рәсіміне Академия ректорының міндетін атқарушы Ергобек Шынгыс Кулбекулы құттықтап, сый -құрмет көрсетті.  Ұстазын құттықтап келген шәкірттері және қонақтар, атақты өнер және филология прфессорлары сөз сөйлеп,  арты үлкен концертке ұласты. Концертте өнер көрсеткен өнер жұлдыздары: Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Мұса Әлібек, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, академия профессоры Дәлел Уәш, Мақсат Рахмет, Ұшқын Жамалбек, Әсет Есжан, Ерзат -Алаш Ұлы тобының әншілері және Халықаралық конкурстардың лауреаты Қуаныш Жантұрған, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Түркі әлемінің үздік педагогы, Мәдениет майталманы Сапарова Шаһаризада Әмірқызы мен PHD докторы  Айдын Сахаман өнер көрсетті. Концерт соңында арнайы шығарған «Ұстазым» әнін орындады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия