• 20.05.2022

“ХОРЕОГРАФИЯ”ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ

Авторkaznai

Сәу 15, 2022

2022 жылдың 12 сәуірінде Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының Кинозалында «Хореография» факультеті «Зәуірбек Райбаев – қазақстандық хореографияның классигі» атты республикалық дөңгелек үстел өткізді.

Модератор – өнертану магистрі, «Хореография педагогикасы» кафедрасының оқытушысы Аухадиев Ильзат Ришатович.

Дөңгелек үстелдің баяндамаларын еліміздің әртүрлі университеттерінің спикерлері дайындады:

  1. Алишева Алила Турсумбаевна — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, профессор, Қазақ ұлттық хореография академиясының тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі директоры (Нұр-Сұлтан);
  2. Габбасова Гульмира Надымовна — «Хореография» факультеті деканының орынбасары, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Балетмейстерлік өнер» кафедрасының доценті (Алматы);
  3. Габбасова Гульнара Надымовна — Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Хореография педагогикасы» кафедрасының аға оқытушысы (Алматы);
  4. Нурсеитова Асия — Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Балеттану» оқыту профилі «Театр өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының 3 курс студенті (Алматы);
  5. Тлеубаева Балжан Сейдрамановна — педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Өнер» кафедрасының меңгерушісі (Шымкент);
  6. Шанкибаева Алия Бахитжановна — өнертану ғылымдарының кандидаты, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Сахналық пластика және дене тәрбиесі» кафедрасының профессоры.

Дөңгелек үстел жұмысына хореография факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері қатысты. Іс-шараның тыңдаушылары мен қонақтары арасында басқа факультеттердің студенттері мен оқытушылары, Академияның Ғылыми-редакциялық бөлімінің қызметкерлері болды.

Приемная комиссия