• 28.03.2024

Ақселеу Сейдімбектің 80-жылдығына арналған Республикалық ғылыми-әдістемелік дөңгелек үстел

Авторkaznai

Қар 8, 2022

Ақселеу Сейдімбектің 80-жылдығына арналған «Ақселеу Сейдімбектің еңбектері және қазақ музыка өнерінің заманауи мәселелері» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік дөңгелек үстелі

2022 жылдың 8 қараша күні Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Қазақстан Журналистер одағының лауреаты,  «Құрмет» орденінің иегері Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің 80-жылдығына арналған «Ақселеу Сейдімбектің еңбектері және қазақ музыка өнерінің заманауи мәселелері» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік дөңгелек үстелі өтті. Дөңгелек үстелге белгілі өнер майталмандары, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Дөңгелек үстелдің ашылу салтанатында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ғылыми ісі жөніндегі проректоры Қабыл Заманбекұлы Халықов сөз сөйлеп, дөңгелек үстелді ашты. Пленарлық отырысты ҚР Мәдениет қайраткері, «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының доценті доценті Мұрат Қазенұлы Әбуғазы жүргізді. Сондай-ақ, Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА басшылары мен оқытушылары, ҚР БҒМ М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатынан қонақтар келіп қатысты.

Пленарлық отырыста баяндама жасаған тұлғалар:

  • Дулат Исабеков,  жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Қазақстан еңбек ері» Алтын жұлдыз және «Отан» орденінің иегері (22 қазан 2022 жылы);
  • Кенжехан Ісләмжанұлы Матыжанов, ҚР БҒМ М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры, филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі;
  • Қадірбек Сегізбаев, жазушы,Қазақстан Жазушылар, Журналистер Одақтарының мүшесі;
  • Ермұрат Үсенов, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткер, Композиторлар одағының мүшесі;
  • Айнұр Қазтуғанова ҚР БҒММ.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Музыкатану» бөлімінің меңгерушісі, ө.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент);
  • Қарашаш Алпысбаева,  ҚР БҒМ М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты;
  • Рамазан Стамғазиев, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері;
  • Еркін Шүкіман,  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері;
  • Төлепберген Тоқжан,  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері;
  • Ерболат Мустафаев,  ҒБМ БК қауымдастырылған профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
  • Саян Ақмолда,  А.Жұбанов атындағыдарынды балаларға арналған РҚМММИ оқытушысы, ҚР Мәдениет саласының үздігі;
  • Талғат Мұқышев,   Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық академиясы, Дәстүрлі музыкалық өнер кафедрасының профессоры, өнертану кандидаты, Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері
  • Сырым Нұрмолдин,  Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық академиясы, Дәстүрлі музыкалық өнер кафедрасының аға оқытушысы, Республикалық конкурстардың лауреаты
  • Қорлан Картенбаева,  Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық академиясы, Дәстүрлі музыкалық өнер кафедрасының оқытушысы, Республикалық конкурстардың лауреаты.

Келген қонақтар – Ақселеу Сейдімбекті көзі көрген замандастары мен достары, әріптестері алып тұлға туралы естеліктерімен бөлісіп, оның қазақ әдебиеті мен мәдениетін, музыка өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесін айшықтады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия