• 23.10.2024

«Балалар жылы: ұлттың бүгіні мен болашағы тәрбиелі ұрпақ»

Авторkaznai

Окт 27, 2022

2022 жылдың 26 қазанында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасында «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің 1-курс студенттері арасында Тілдер апталығы аясында «Балалар жылы: ұлттың бүгіні мен болашағы тәрбиелі ұрпақ» атты Startup шығармашылық бизнес-жобалар байқауы өтті.

Қазақстанда 2022 жыл — Балалар жылы болып жарияланғаны белгілі. Біздің байқауымыздың басым міндеті — шығармашылық стартапт негізінде өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы идеясын көрсету.

Қатысушылар таңдаған мамандықтарына шығармашылық және кәсіпкерлік қызығушылығын қалыптастыруға арналған 7 қызықты жобаны ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша Гран-при «Эверест» командасының «Bala Art» жобасына (Сәулеттік дизайн); 1-орын – «Ұят ЕМЕС» командасының «Қазақ-манға» жобасына (Графикалық дизайн); 2-орын «Қазына» жобасына (Графикалық дизайн, Көркем тоқыма); 3-орын «Play Town» шығармашылық жобасымен Óner командасына берілді. Қалған командалар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия