• 24.04.2024

Үздік ғылыми эссе конкурсының жеңімпаздары

Авторkaznai

Жел 26, 2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстан өнеріндегі ұлы тұлғалар: есімдер және креативті ғылым» атты үздік ғылыми эссенің бірінші республикалық конкурсына ҚР ЖОО студенттері мен магистранттарының 20 жұмыс – эссесі келіп түсті.

Оларда конкурстың негізгі идеясы көрініс тапты. Конкурсты өткізудің мақсаты Қазақстанның ғылымы мен өнерінің дамуына үлес қосқан көрнекті тұлғалардың қызметі туралы жаңа зерттеулерді ғылыми айналымға енгізу болды. Конкурстық міндеттің маңызды аспектісі мәдениет пен өнер саласында креативті экономиканы қалыптастыру контексінде ғылыми мүдделерді жандандыру болды. Бұдан басқа, креативті идеяларды іске асыру, арт-бизнес кеңістігін жобалау, зияткерлік қызметтің өнімі ретінде арт-жобаларды қалыптастыру үшін бизнес-тетіктерді пайдаланумен байланысты өнердегі шығармашылық кәсіпкерлікті күшейтуге аса зор назар аудару маңызды болды.

Қазылар алқасы 20 эссенің анонимді мәтіндерімен танысып, үздік үш жұмысты анықтады. Талқылау ашық, тәуелсіз және нәтижелі болды. Қазылар алқасы кейбір жұмыстарды өнердегі адамдар туралы терең ғылыми зерттеулер ретінде атап өтті.

Ұйымдастыру комитеті қазылар алқасының мүшелеріне академияның ғылыми редакциясының жобасын қолдауға және эсселерді зерттеу талдауларына алғыс білдіріп, дипломдар дайындады.

Конкурс нәтижелері онлайн режимінде 2021 жылдың 15 желтоқсанында сағат 18:00-де Zoom платформасында бейнеконференция режимінде салтанатты жағдайда жарияланды.

Т. Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА шотына демеушілер бөлген қаражаттан (500 000 теңге) ұйымдастыру комитеті және академияның Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітілген (28.10.2021 № 3 хаттама) республикалық үздік ғылыми эссе байқауын ұйымдастыру және өткізу туралы Ереже негізінде әрекет ететін қазылар алқасының мүшелері (П 017-2.21-2021) осы конкурста 1, 2 және 3 орынды (100 мың теңге, 60 мың теңге және 40 мың теңге орындарға сәйкес) бөле отырып, 3 эссе марапаттады, қалған қаражат 2022 жылғы сәуірде академияның Ғылым апталығы шеңберінде келесі конкурсты ұйымдастыру үшін пайдалануға ұйғарды.

Нәтижесінде 3 сыйақы тағайындалды (ЖТС-ы шегерілген):

1 орын – 100 мың теңге – Манапова Дарина Батырбековна – «Тұран» университетінің студенті;

Ғылыми жетекшісі – Божеева Айбарша Мұратбекқызы.

2 орын – 60 мың теңге – Бекенова Әнел Думанқызы Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының магистранты;

Ғылыми жетекшісі – Бекмолдинов Нартай Сагмбекұлы.

3 орын – 40 мың теңге – Сумарокова Ангелина Олеговна Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенті.

Ғылыми жетекшісі: Власенко Ольга Игоревна.

Конкурстың барлық қатысушыларын құттықтаймыз!

Приемная комиссия