• 27.05.2024

«Бүгінгі күннің классигі»

Авторkaznai

Мам 3, 2024

26 сәуір күні Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасы №2 ғимарат кітапханасымен бірлесе отырып ҚР-ның мәдениет қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы, драматург, сценарист Дулат Исабековпен «Өмірден өнер жасаған…» деген тақырыпта онлайн кездесу өткізді. Көрме тақырыбы «Бүгінгі күннің классигі» деп аталды.
Кездесудің мақсаты – студенттер арасында құндылықтарға негізделген кітап оқу байқауын өткізу, шығарма авторымен кездесу жасау, жазушы өмірі және оның шеберханасымен танысу, жазушыға сұрақтар қою, байқау жеңімпаздарын марапаттау.
Дулат Исабеков – жазушы, драматург, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, халықаралық «ПЕН-клубы» және платиналы «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты. «Гауһартас», «Әпке», «Дермене», «Сүйекші», «Біз соғысты көрген жоқпыз» атты повестер мен көптеген әңгімелердің, «Қарғын» романының авторы. Пьесалары Қазақстан театрларымен қатар европа елдерінің театрларында сахналануда. Туындыларының желісі бойынша әр жылдары «Гауһартас», «Дермене», «Тауқымет», «Әпке» сынды фильмдер түсірілді. Бүгінде ең көп оқылатын жазушылар қатарында.
Кездесуде Кино және ТВ факультетінің Көркем фильм режиссурасы, ТВ режиссурасы мамандықтарының 1-курс студенттері жазушының «Гауһартас» повесі, өзге де туындылары мен шығармашылығы жайлы сұрақтар қойды. Туындыдан үзінділер оқыды. Автор өмірі жайлы, шығармашылығы туралы естеліктерімен бөлісті. Кездесу соңында «Гауһартас» повесін оқып, тест тапсырған студенттер арасынан жеңімпаздарға сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия