• 02.03.2024

CAJAS журналында жариялану: мақсаттар, тақырыптар, шешімдер

Авторkaznai

Ақп 16, 2023

2023 жылдың 15 ақпанында «CAJAS журналында жариялану: мақсаттар, тақырыптар, шешімдер» атты республикалық вебинар өтті, оны бас редактор, философия ғылымдарының докторы Қабыл Халықов пен бас редактордың орынбасары, өнертану кандидаты Дамир Уразымбетов өткізді.

Вебинарда журналдың 2023 жылға арналған тақырыптық бағыттары, CAJAS мақсаттары мен міндеттері жарияланды, сонымен қатар журналда мақала шығару және дайындау мәселелері талқыланды.

Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен жоғары өнер оқу орындарының оқытушылары, докторанттары мен студенттері қатысты. Қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, жан-жақты жауаптар мен өнертану саласындағы ғылыми білімді дамытуға арналған журналдың саясатын жариялағаны үшін алғыстарын білдірді.

Журнал редакторлары баршаны Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы шығаратын Central Asian Journal of Art Stuides-та жариялануға шақырады. Толық ақпарат cajas.kz сайтында көрсетілген.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия