• 26.02.2024

Central Asian Journal of Art Studies (CAJAS)

Авторkaznai

Қыр 15, 2023

Халықаралық Орталық Азия өнертану журналына Central Asian Journal of Art Studies (CAJAS) мақалалар беру және жариялау шарттарын түсіндіру бойынша семинар

13 қыркүйекте Академия кітапханасында Ғылыми-редакциялық бөлім (ҒРБ) халықаралық Central Asian Journal of Art Studies (CAJAS) журналына мақалалар беру және жариялау шарттарын түсіндіру бойынша семинар өткізді.

Семинар жұмысына Академияның оқытушылары, докторанттар мен магистранттар қатысты.

Семинарда Орталық Азия Өнертану журналында мақалаларды жіберу және жариялау шарттарын түсіндіру жөніндегі ғылым жөніндегі проректор, CAJAS редакциялық алқасының мүшесі Халықов Қабыл Заманбекұлы баяндама жасады.

Ғылыми-редакциялық бөлімнің басшысы, CAJAS бас редакторының орынбасары Жанна Дидарбекқызы Рамаданова журналдың сайтына жүктеу үшін мақалаларды дұрыс рәсімдеу мәселелерін түсіндірді.

CAJAS журналының сайты: https://cajas.kz/journal

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия