2022 жылдың 2 наурызында «Хореография» факультетінің студенттері «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 8 наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының шығармашылық бөлімінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға қатысты.
Қайырылымдылық концертте «Балетмейстерлік өнер» кафедрасының меңгерушісі Молдахметова Алима Талғатқызы мен «Хореография педагогикасы» факультетінің оқытушысы Меншикова Наталья Олеговнаның жетекшілігімен концерттік нөмірлер орындалды:
- Е.Брусиловаскийдің «Қыз-Жібек» операсынан Айгүл Тәти қойған «Шашу» қойылымы: Кумарова Адеми-2 курс ПХ, Молдахметова Камилла-2 курс ПХ, Примбет Томирис-2 курс ПХ, Газизова Ажар-2 курс ПХ, Бертолеева Сания-1 курс ПХ, Макашева Таира-1 курс ПХ.
- Еуропа билерінің бағдарламасынан «Вальс» хореографиялық композициясы: Луконина Анастасия-3 курс ПСБТ, Абдусалямова Элина-3 курс ПСБТ, Кенжебайқызы Азиза-3 курс ПСБТ, Жүсіпбай Әлібек-2 курс ПСБТ, Ғайнуллин Әділбек-3 курс ПСБТ, Цымбалюк Евгений-2 курс ПСБТ