• 20.04.2024

ЖАС ХОРЕОГРАФТАР БАЙҚАУЫ, М. Тілеубаевтың 75 жылдығына орайластырылған

Авторkaznai

Нау 25, 2022

ЖАС ХОРЕОГРАФТАР БАЙҚАУЫ, М. Тілеубаевтың 75 жылдығына орайластырылған

2022 жылдың 17-18 наурызында Қазақ ұлттық хореография академиясында (Нұр-сұлтан, Қазақстан Республикасы) көрнекті отандық балетмейстер М.Тілеубаевтың 75 жылдығына арналған жас хореографтар байқауы өтті.

Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның хореография факультетінен, “Хореография” білім беру бағдарламасы бойынша дайындық жүргізетін жоғары оқу орындары арасындағы шығармашылық сайысқа “Балетмейстер өнері” кафедрасының студенттері қатысты: Тегіспаева Ләззат – 5 курс ХР, Меттыбаева Томирис – 3 курс ХР және Жақсылықова Аида – 1 курс БӨ.

Байқау қорытындысы бойынша Тегіспаева Ләззат 2 дәрежелі лауреат атанды (курс шебері Габбасова Гульмира Надымова) және Жақсылықова Аида (курс шебері Туткибаева Гульжан Усамбековна) көрермендер көзайымы арнайы сыйлығының иегері болып атанды. Біздің студенттер мен олардың басшыларын жоғары нәтижелермен құттықтаймыз! Оларға ұзақ табыс, жаңа шығармашылық жетістіктер тілейміз!!!

Приемная комиссия