• 20.04.2024

Профессор Людмила Антоновна Жуйкованы құттықтау

Авторkaznai

Жел 28, 2021

2021 жылдың 30 қарашасында ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Қабыл Заманбекұлы Халыков хореография педагогикасы кафедрасының профессоры Людмила Антоновна Жуйкованың 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты концертке қатысты.

Л. А. Жуйкова — өнертану кандидаты, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Православие шіркеуі орденінің кавалері — 1996 жылдан бастап жоғары хореография мектебі университет құрылымына факультет болып кіргеннен бері академияда жұмыс істейді. Ол бүкіл өмірін Алматы қаласының орта арнаулы және жоғары оқу орындарының педагогикасына арнады.

2021 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Л. А. Жуйкованы «Халық алғысы» мемлекеттік наградасымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Приемная комиссия