• 20.04.2024

ЮРИЙ ВАСЮЧЕНКОМЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕЗДЕСУ!

Авторkaznai

Нау 3, 2022

2022 жылғы 2 наурызда Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кинозалында Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Үлкен театрдың педагог-репетиторы ЮРИЙ ВАСЮЧЕНКОМЕН (Мәскеу, Ресей) шығармашылық кездесу өтті.

«Хореография» факультетінің оқытушылары мен студенттері қатысқан іс-шараның достық және жылы атмосферасында Юрий Валентинович А.Я. Ваганова атындағы Ленинград хореографиялық училищесінде оқыған жылдары және өзінің оқытушылары туралы, балет әртісі ретінде Ленинград, Вильнюс, Алматы, Мәскеу және Одесса театрларындағы шығармашылық жолы туралы естеліктерімен бөлісті, сондай-ақ хореографиялық училищелердің студенттерімен және әртүрлі опера және балет театрларындағы бишілермен жұмыс жасаудағы бай педагогикалық тәжірибесі туралы айтты.

Біз Юрий Валентиновичке іс-шараға қатысқаны үшін алғыс айтамыз және оған шығармашылық жетістіктер мен педагогикалық салада жетістіктер, амандық пен барлық бастамаларында табыс тілейміз!!!

Приемная комиссия