• 29.03.2024

“Қазақстан Республикасы мұражайларындағы кітапханалардың мәдени мұрасы”

Авторkaznai

Қаз 26, 2021

2021 ж. 25 қазанында Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында “Бейнелеу өнер тарихы және теориясы” кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, музейтанушы, ICOM мүшесі Мусаханова Мадина Зульпухаровна “Қазақстан Республикасы мұражайларындағы кітапханалардың мәдени мұрасы” тақырыбында білім алушылар мен ПОҚ үшін семинар өткізді.

Семинар аясында тыңдаушылар келесі сұрақтармен танысты:

1. Қазақстан Республикасының мәдени мұрасы

2. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы (Алматы қ.)

3. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұражайының ғылыми кітапханасы

4. Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының ғылыми кітапханасы (Алматы қ.)

5. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ғылыми кітапханасы (Нұр-сұлтан қ.)

Тыңдаушылар кітапханалардың мұражай негізгі міндеттерін – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді жаңғырту, Қазақстанның мәдени мұрасын шетелде насихаттау жұмыстарын табысты атқаратынына көз жеткізді. Сонымен қатар, кітапхана қорлары ғылыми жобаларды жүзеге асыруда зерттеушілерге дереккөздер, мұрағат материалдарын ұсынады.

Семинар тыңдаушыларына Қазақстанның мәдени мұрасы материалдары бар сайттарға пайдалы сілтемелер берілді.

Приемная комиссия